ҚР-да 2011 жылы 40 мың сиыр сатып алу жоспарланған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-да 2011 жылы 40 мың сиыр сатып алу жоспарланған

ҚР-да 2011 жылы 40 мың сиыр сатып алу жоспарланған

Қазақстанда 2011 жылы 40 мың сиыр сатып алу жоспарланған, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты.

  • 7 Шiлде 2011
  • 841
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылы 40 мың бас сиыр сатып алып, фермерлік шаруашылықтар желісін құру жоспарланған, деп хабардайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта «ҚазАгроның» несиелік ресурстары есебінен 18,2 мың бас ірі қара мал (ІҚМ) сатып алу немесе жоспардың 46%-ы мақұлданды. Сонымен қатар, 11,7 мың бас ІҚМ сатып алуға өтініштер қарауда жатыр», -делінген бейсенбі күні премьердің сайтындағы ақпаратта.

Онда атап көрсетілгендей, Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту мақсатында «ҚазАгро» филиалдарына Т30 млн-ға дейін өз бетімен қаржыландыру құзыры берілді.

Сондай-ақ, несиелеуге қатысу үшін фермерлерде өзінің мал басының болу талабы төмендетілді. Бұрын фермерге 100 бас сиыр сатып алу үшін өзінде кем дегенде 50 бас ІҚМ болғаны қажет болса, қазір бұл сиыр санын сатып алу үшін онда 25 мал басы болса жетіп жатыр.

Сонымен бірге, малды қосмыша сатып алмай-ақ, жайлаудағы мал шаруашылығын дамыту үшін қаржыландыруға рұқсат беріледі.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өз құрамына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ, «КазАгроФинанс» АҚ, «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ мен «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.

Соңғы жаңалықтар