Жарияланды: 470

ҚР-да электрондық сатып алулардың арқасында І жарты жылдықта мемлекеттің Т13 млрд қаржысы үнемделді

Қазақстанда электрондық сатып алуларды өткізудің арқасында жыл басынан бері мемлекеттің Т13 млрд қаржысы үнемделді, деп хабарлайды «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС.

«Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында баға ұсыныстарына сұрау салу әдісімен мемлекеттік сатып алулардың электрондық жүйесінің арқасында мемлекет 13 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеді», -делінген жұма күні таратылған ақпаратта. «Біздің мамандарымыздың есептеуінше, мемлекеттік сатып алуларды баға ұсыныстарына сұрау салу әдісімен жүргізу кезінде үнемдеу 22% - 25% болады. Электрондық алаң жұмыс істеген жарты жылдың ішіндегі үнемдеу көлемі 51 млрд теңгеден асады», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, жүйені құру шығындары Т1 млрд-тан аспайды. «Демек жүйе бүгінгі күні және электрондық мемлекеттік сатып алулардың бір түрі бойынша ғана өзін 51 есе ақтап отыр», - деп мәлім етті «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Сұлтанжан Ахметов. Мемлекеттік сатып алуларды электрондық форматта өткізу алаңы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС жасағанgoszakup.gov.kz веб-порталы болып отыр. Веб-порталды пайдаланушылардың саны қазір 100 мыңнан асты. Мемлекет веб-порталға 6,7 млн лотпен 2 млн-нан аса хабарландыру орналастырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін