ҚР-да электрондық сатып алулардың арқасында І жарты жылдықта мемлекеттің Т13 млрд қаржысы үнемделді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-да электрондық сатып алулардың арқасында І жарты жылдықта мемлекеттің Т13 млрд қаржысы үнемделді

ҚР-да электрондық сатып алулардың арқасында І жарты жылдықта мемлекеттің Т13 млрд қаржысы үнемделді

Қазақстанда электрондық сатып алуларды өткізудің арқасында жыл басынан бері мемлекеттің Т13 млрд қаржысы үнемделді, деп хабарлайды «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС.

  • 8 Шiлде 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында баға ұсыныстарына сұрау салу әдісімен мемлекеттік сатып алулардың электрондық жүйесінің арқасында мемлекет 13 млрд теңге бюджет қаржысын үнемдеді», -делінген жұма күні таратылған ақпаратта.

«Біздің мамандарымыздың есептеуінше, мемлекеттік сатып алуларды баға ұсыныстарына сұрау салу әдісімен жүргізу кезінде үнемдеу 22% — 25% болады. Электрондық алаң жұмыс істеген жарты жылдың ішіндегі үнемдеу көлемі 51 млрд теңгеден асады», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, жүйені құру шығындары Т1 млрд-тан аспайды.

«Демек жүйе бүгінгі күні және электрондық мемлекеттік сатып алулардың бір түрі бойынша ғана өзін 51 есе ақтап отыр», — деп мәлім етті «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Сұлтанжан Ахметов.

Мемлекеттік сатып алуларды электрондық форматта өткізу алаңы «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС жасағанgoszakup.gov.kz веб-порталы болып отыр. Веб-порталды пайдаланушылардың саны қазір 100 мыңнан асты. Мемлекет веб-порталға 6,7 млн лотпен 2 млн-нан аса хабарландыру орналастырды.

Соңғы жаңалықтар