ҚР-да ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-да ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасы бекітілді

ҚР-да ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасы бекітілді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды ресми БАҚ.

  • 3 Қараша 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1272

2012 жылғы 8 қазан, Астана, Үкімет Үйі

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада сатудың шекті бағасын бекіту туралы

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2012 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасына 35805 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар