ҚР-ның батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады - 26 қазанға арналған ауа райы болжамы - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР-ның батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады - 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

ҚР-ның батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады - 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

26 қазан күні антициклонның ықпалымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

  • 25 Қазан 2012
  • 417
Фото - Caravan.kz

Республиканың батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында атмосфералық ағымдардың әсерімен жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсуі ықтимал.

Алдағы төрт тәулікте Батыс Алтай өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының су нысандарында су бетінің одан әрі салқындауы байқалады, жекелеген кіші өзендерде бірінші мұздар пайда болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар