Республиканың батыс өңірлері мен оңтүстігінің жекелеген аудандарында атмосфералық ағымдардың әсерімен жауын-шашын жауып, екпінді жел соғады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсуі ықтимал.
Алдағы төрт тәулікте Батыс Алтай өзендерінде су деңгейінің төмендеуі байқалады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтіледі. Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарының су нысандарында су бетінің одан әрі салқындауы байқалады, жекелеген кіші өзендерде бірінші мұздар пайда болуы мүмкін.