Қ.Саудабаев ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Саудабаев ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды

Қ.Саудабаев ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды.

  • 28 Маусым 2011
  • 595
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның барша журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған Қ. Саудабаев, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлақтары мен гранттары ағымдағы жылы 15-ші рет берілгелі отырғанын атап өтті.

«Журналистерге жыл сайын Елбасының сыйлықтары мен грантын табыс ету игі дәстүрге айналып келеді. Алайда, бүгінгі жиынымыздың жөні жылдағыдан бөлек, ерекше. Өйткені, бүгін сыйлықтар мен гранттар тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы алдында табыс етіледі. Сіздер, ел сенімін абыроймен ақтап, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің нығаюына, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер»,-деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен Мемлекет басшысының Өкімімен ағымдағы жылы ҚР Президентінің сыйлықтары «Панорама» газетінің бас редакторының орынбасары Асқар Әукеновке, Қазақстан журналистика академиясының Президенті Сағымбай Қозыбаевқа, «Аргументы и факты Казахстан» газетінің бас редакторы Сергей Кузовниковке, Ресейлік саясаттанушы және публицист Юрий Солозововке, «Шалқар» радиосының бас редакторының орынбасары Болатбек Төлепбергенге берілді.

Ал, ҚР Президентінің гранттары Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Марк Аисбергке, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушылары Әлисұлтан Құланбай мен Жақсыбай Самратқа, «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі Тілеуқабыл Мыңжасарға, «Казахстанская правда» газеті саясат бөлімінің редакторы Максим Шиманскийге, «Арқа ажары» газетінің шығармашылық ұжымына, «Заң» газеті және «Юридическая газета» басылымдарының шығармашылық ұжымдарына тапсырылды.

Салтанатты рәсім барысында сонымен қатар «Алматы ақшамы» газеті денсаулық және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі Нұржамал Байсақаловаға, «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серік Жанболатқа, «Айқын» газетінің тілшісі Гүлбаршын Сабаеваға, «Достық-Дружба» журналының бас редакторы Зейнекүл Сейсеноваға, «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Дәулетқазы Сейсенұлына, «Қаақстан» телеарнасы «Қазақтың жүз әні» телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына, «Караван» газетінің шығармашылық ұжымына Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы жарияланды.

Соңғы жаңалықтар