ҚТЖ басқармасының құрамы өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ басқармасының құрамы өзгерді

ҚТЖ басқармасының құрамы өзгерді

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директорының төрағалығымен «Қазақстан темір жолы»  ұлттық компаниясы Директорлар кеңесінің отырысы барысында

  • 21 Қыркүйек 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

қаржы-экономикалық, ұйымдастыру, кадрлық мәселелер қаралды.

Атап айтқанда, инфляциялық таргеттеу режіміне көшудің теріс ықпалын төмендету бойынша шаралар жоспары, сондай-ақ   «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының 2015 жылға арналған қаржылық орнықтылығын сақтау бағдарламасы мақұлданды, деп хабарлады ұлттық компания баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, «Ақтөбе рельс арқалық зауыты» ЖШС міндеттемелерін қамтамасыз етуде «Қазақстан даму банкі» АҚ берген «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Көлік технологиялары» ЖШС арасындағы кепілдік шартқа қосымша келісімге қол қою шешімі қабылданды.

Отырыс барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің қайта құрылған Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы Ереже бекітілді.

Директорлар кеңесі жеке блокпен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жай акцияларын орналастыру және орналастыру бағасы туралы мәселені қарады.


Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2015-2019 жылдарға арналған Даму жоспарын орындау, тәуекелдерді басқару бойынша, АҚ трансформациялау бағдарламасын іске асырудың ағымдағы мәртебесі  туралы есеп тыңдалды.

Отырыс нәтижесі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма мүшелері Шолпан Омарбекова мен Нұрдәулет Қилыбайдың  өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімі қабылданды.

Сондай-ақ отырыс аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқармасының мүшелері болып Мақсат Қабашев пен Ақболат Жағыпаров сайланды. Корпоративтік хатшы болып бұрын осы орында болған Еркен Қарымсақов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар