ҚТЖ ғимаратында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ ғимаратында өрт шықты

ҚТЖ ғимаратында өрт шықты

Астанада "Қазақстан темiр жолы" компаниясының ғимаратында өрт шығып, адамдар қауiпсiз жерге шығарылды.

  • 28 Тамыз 2015
  • 460
Фото - Caravan.kz

Компания қызметкерлерi өрт туралы дабыл шамамен сағат 16.00 кезiнде берiлгенін айтты.

Қазiр өрт сөндiрушiлер жалынды түгел ауыздықтаған. Алайда, өрттiң салдары толық жойылған жоқ, сондықтан, қызметкерлер әзiрге далада тұр.

Ал, Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментiнiң хабарлауынша, өрт туралы қоңырау сағат 16.18-де шалынған.

"Өрт сөндiру жұмыстары әлi аяқталған жоқ, халықты далаға шығарып жатырмыз. Қызыл жалынды ауыздықтауға 15 техника тартылды. Өрт сөндiрушiлер ғимараттың жетiншi қабатының сыртқы қаптамасы өртенгенiн анықтады. Өрт туралы бiзге сағат 16.18-де хабар келіп түсті", — делiнген ТЖД баспасөз қызметi берген ақпаратта.

4

Соңғы жаңалықтар