ҚТЖ Қарағанды филиалында экологиялық заң бұзушылықтар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ Қарағанды филиалында экологиялық заң бұзушылықтар анықталды

ҚТЖ Қарағанды филиалында экологиялық заң бұзушылықтар анықталды

Қарағанды. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның "Қарағанды жол бөлімінде" экологиялық заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қараша 2008
  • 699
Фото - Caravan.kz

Нұра-Сарысу экологиялық департаменті жүргізген тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың қалдықтармен қарым-қатынасқа қатысты бөлігі бұзылғаны анықталды.

ҚР Экологиялық кодексінің 288-ші бабының 1-бөліміне сәйкес, қалдықтармен қауіпсіз қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері қарастырылып, экологиялық талаптар сақталып, оларды пайдалы жарату, зарарсыздандыру мен қауіпсіз жоюға қатысты шаралар қарастырылуға тиіс.

Аталған заң бұзушылық үшін жауапты лауазым иесіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ына 70,07 мың теңге нің наразылығы жолданып, ҚТЖ заңды тұлғасына 70,07 мың теңге шығынды өтеу міндеттелді.

Сондай-ақ, табиғат қорғау шараларын белгіленген уақытында толық көлемде орындасағаны үшін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Қарағанды жол бөліміне» 147,7 мың теңгенің наразылығы жолданып, ҚТЖ заңды тұлғасына 147,7 мың теңге көлеміндегі шығынды өтеу міндеттелді.

Кәсіпорын ҚР Экологиялық кодексінің 129-шы бабының 1-бөлімін бұзып, 2007 жылға арналған өндірістік экологиялық қадағалау бағдарламасын таныстырмаған. 2008 жылға арналған осындай бағдарламаны басшы бекітпеген және табиғат қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілмеген. Заңды тұлғаға 200 АЕК көлемінде айыппұл жүктелді.

Сонымен бірге, ҚР Экологиялық кодексінің 11 және 27 баптарына сай қоршаған ортаны ластау көздерінің санын өзгеруге байланысты қалдықтардың шектеулі мүмкін нормативтерін түзету жұмыстарын жүргізбегені үшін заңды тұлғаға 100 АЕК, ал кәсіпорынның бас инженеріне 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар