ҚТЖ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының билеттеріне 40 пайыз жеңілдік енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының билеттеріне 40 пайыз жеңілдік енгізді

ҚТЖ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойыздарының билеттеріне 40 пайыз жеңілдік енгізді

ҚТЖ еншілесі «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызының билеттерін жеңілдікпен сата бастады.

  • 17 Қыркүйек 2015
  • 744
Фото - Caravan.kz


Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыркүйектің 17-сінен бастап Алматы-2 – Астана, Алматы-2 – Петропавл, Астана – Шымкент, Астана – Қызылорда, Астана – Защита, Алматы-2 – Защита, Алматы-2 – Атырау, Астана – Ақтөбе, Астана – Атырау, Алматы-2 – Шымкент, Алматы-2 – Ақтөбе бағыттары бойынша қатынайтын пойыздардың «Турист», «Бизнес» және «Гранд» класындағы вагондарының билеттері 40 пайыз жеңілдікпен сатылады.
Сонымен қатар, жасы 60-тан асқан қарттарға 30 пайыз, жасы 16 мен 25 аралығындағы жастарға 30 пайыз, тұрақты клиенттерге 10-20 пайыз жеңілдік беретін дисконттық карталар да күшін жоймайды. Сонымен, дисконттық картасы бар жолаушы жүрдек пойыздың билетін 70 пайызға дейін жеңілдікпен сатып ала алады.

Соңғы жаңалықтар