ҚТЖ ҰК мен инвесторлар арасындағы келіссөздердің ақырғы бөлігі Астанада өтеді - Мамин - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ ҰК мен инвесторлар арасындағы келіссөздердің ақырғы бөлігі Астанада өтеді - Мамин

ҚТЖ ҰК мен инвесторлар арасындағы келіссөздердің ақырғы бөлігі Астанада өтеді - Мамин

Қарағанды. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін "ҚТЖ" ҰК" АҚ президенті Асқар Мамин "Арселор Миттал Теміртау" АҚ мен "Қазақмыс"корпорациясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қараша 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

Кездесуге журналистер жіберілген жоқ, бірақ журналистерге берген сұхбатында Асқар Мамин келіссөздер барысында компания басшылығы Астанада меморандумға қол қою барысында көтерілген мәселелер талқыланғанын жеткізді.

«Біз бұл мәселелерді қарауға дайынбыз. Өзара түсіністік бар. 7 қарашада Астанада ҚТЖ ҰК кеңсесінде компаниялардың басшылығымен келіссөздер жүргізіледі, бұл — ақырғы мәміле болмақ», — деді А. Мамин.

Еске сала кетейік, үкімет компаниялардың басшығына мәжбүрлі демалыста жүрген барлық қызметкерлерді жұмыс орындарына қайтаруды міндеттеген болатын. Олардан қызметкерлерді өз орындарына болмаса да, басқа орындарға болса да қайтару талап етілді. Оған жауап ретінде компаниялардың басшылығы үкіметке 14 бөлімнен тұратын талап құйды. Соған сәйкес мемлекет «Арселор Миттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс»корпорациясына көмек көрсетуі тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар