ҚТЖ-ға арнап Ресейден құрал-жабдықтар сатып алу туралы тендер республика заңнамасының талаптарына сай болмай шықты - қаржы полициясы - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ-ға арнап Ресейден құрал-жабдықтар сатып алу туралы тендер республика заңнамасының талаптарына сай болмай шықты - қаржы полициясы

ҚТЖ-ға арнап Ресейден құрал-жабдықтар сатып алу туралы тендер республика заңнамасының талаптарына сай болмай шықты - қаржы полициясы

"Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ 1999-жылы өткізген Ресейден құрал-жабдықтар сатып алу туралы тендер республика заңнамасының талаптарына сай болмай шықты. Бұл туралы "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Шiлде 2005
  • 493
Фото - Caravan.kz

С.Қалмырзаевтың хабарлауынша, ҚР қаржы полициясының шұғыл-тергеу тобы бір айдан бері аталмыш қылмыстық іс бойынша ресейлік әріптестерімен бірге Ресейде жұмыс істеп жатыр. «Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісімді жүзеге асыру аясында «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін төлейтін жал құнының бір бөлігін төлеуге арналған бұл қаржы мемлекеттің мұқтаждығына пайдаланылуға тиіс болатын»,- деді ол.

Сондай-ақ, С.Қалмырзаевтың хабарлауынша, тендерге Ресейде темір жол техникасына өндіретін зауыттардың дистрибьюторлары болып табылмайтын, өзара аффилирлік байланыстағы кәсіпорындар қатысқан.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың басында Ресейдің есеп палатасы «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға алу құны бойынша берешекті өтеу есебінен «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ үшін құрал-жабдықтар сатып алу барысында қаржы жымқыруға жол берілу дерегін жария еткен болатын. Тексеру барысында бюджет қаржысын оффшорлық компанияның есепшотына аудару схемасы анықталды. Соның салдарынан ҚТЖ ҰК 65 млн. доллардың орнына 22,8 млн. АҚШ долларының құрал-жабдықтарын ғана алған.

Перейти к новостям спорта