Caravan.kz медиа-порталы бұрынғы министр тұтқындалғалы бері оның отбасы қалай өмір сүріп жатқанын анықтап көрді.
Қуандық Бишімбаев Уәлиханұлы
1980 жылы 11-сәуірде Қызылорда қаласында туды.
Соңғы қызметі – ұлттық экономика министрі.Оған дейін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болды (05.2011-05.2013) және «Бәйтерек» холдингін (30.05.2013-05.05.2016) басқарды. Бұған қоса еліміздің Экономикалық даму және сауда вице-министрі қызметін атқарды. ҚР президентінің көмекшісі де болған. (22.05.2009-15.03.2010).
Ата-анасы
Әкесі: Уәлихан Бишімбаев Қозыкейұлы
Депутаттық корпустан кеткен соң ғылыми жұмыстармен айналысты. «Тұзды технология ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық қорын басқарды.
АНАСЫ:
Альмира Нұрлыбекова Балтабайқызы
«Қуаныш және компания» серіктестігін басқарды. Кәсіпорын 2014 жылы жойылған. «Қуаныш және компания» салық төлемеген: тек 2012 жылы төленуге тиіс сома – 100 теңге болған. Серіктестіктің қызметі туралы мәлімет жоқ.
Қуандық Бишімбаевтың анасы «Нәубет-II» ЖШС және «Оңтүстік Қазақстандық сапа ұйымы» ЖШС-нің құрылтайшысы.
Бишімбаевтың апкесі:
Аружан Бишімбаева Уәлиханқызы
2016 жылға дейін «BEK Trade Development» ЖШС-нің құрылтайшыларының бірі болды. Қызметі: коммерциялық-делдалдық, сатып алу-сату.
Отбасының Бишімбаев тұтқындалғаннан кейінгі өмірі
Ағасының айтқаны:
Былтыр сәуір айында белгілі кәсіпкер Санжар Алтаев Facebook желісіндегі парақшасында Қуандық Бишімбаевпен туыс екенін жазды, деп хабарлады «NewTimes.kz» .
«Қуандықтың менің жақын туысым екенін ешқашан жарнамалаған емеспін. Оның қолы тимегендіктен сирек кездесетінбіз.Сол үшін ата-анасы оған ренжитін. Ол өмірін тек жұмысқа арнады. Оны тек тойларда, отбасылық шараларда ғана көретінмін. Ол маған үнемі дұрыс бағыт-бағдар беріп келді. Сол үшін оған өмір бойы разы болып өтемін»,- деді Санжар Алтаев.
Сондай-ақ ол Қуандықтың ақталып шығатынына үмітенетінін жазған.
«Қуандықпен ортақ досатырымыз маған ылғида «Үндеме!, «Қуандық туралы ештеңе жазба» «Үлкен мәселе туындайды» деп отырады.Сол үшін үндемеймін. Өйткені қорқамын! Ағамды босатады деп сенемін әрі сыйынамын», -деп жазды кәсіпкер.
Әкесінің пікірі:
Өткен жылы қазан айында Астанада экс-министр Бишімбаевтың ісіне қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті. Үзіліс кезінде Уәлихан Бишімбаев Today.kz-ға іс жайлы пікір білдірді
— Бізде заң бар және ол сақталуы тиіс.Заңға бәрі бағынуы керек. Егер біреу оны бұзса, сол үшін жауап беруі тиіс.Ал оны тергеушілер бұзса, оның ішінде жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі қызметкерлері бұзса, олар сол үшін жауап беруі керек. Қалғанын сот шешеді. Соттың әділдігіне сенеміз», — деді Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Қозыкейұлы.
Бишімбаевтың жұбайы:
Қуандықтың бірінші отбасынан ұлы бар. Жақында 18-ге толады. Бізде үш бала бар. Алғаш тұтқындалған кезде-ақ балаларға айту керек деп шештік. Және ол дұрыс қадам болды. Балаларымыз әкесіне жала жабылғанын біледі. Біз сот әділ шешім шығарады деп үміттенеміз»,- деді экс министрдің әйелі.