"Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау уақытын бір айға — 2017 жылдың 10 мамырына дейін ұзартуға шешім шығарды. Аудандық соттың шешімі 6 сәуір күні қабылданған", — дейді Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, Ұлттық экономика экс-министрі үш айдан бері тергеу абақтысында отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы оны Қызылордадағы шыны зауытына бөлінген ақшадан 1 миллиард теңгені қалтасына басқан деп айыптауда. Бұл қаражатты ол министр болмай тұрып "Бәйтерек" холдингін басқарған кезде жымқырған.