Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Белгілі өнер иесі тұңғышын қолына алған сәтін Instagram парақшасына жүктеді.
«Тілекпен кел, жүрекпен кел, Ағайын, Жақсылықты жақын көрсін жат көрсін. Тәңір төгіп шуағы мен арайын, Қызым менің – Қызырлы үйге бақ болсын!» – деген жүрекжарды жазба қалдырды әнші.
Жұбайы Назерке мен сәбиін алып шығуға Қуандық Рахымның отбасы мен ет жақындары келді. Оның қуанышын өнер адамдары мен оқырмандары бөлісті.