Кеше дезинфекторларды ұрып-соғуға шақырғаны үшін ұсталған Қуат Хамитов видеоны әзіл ретінде түсіргенін және ешкімді ренжіткісі келмейтінін мәлімдеді.
Ешкімді жаман істерге шақырғым келмейді деді ол.
Еске салайық, кеше Қуат Хамитовтың видеосы үшін полицияға жеткізілгені хабарланған болатын. Айта кетейік, Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде Қуат Хамитовтың билік өкілдерінің талабына мойынсынбауға шақырған видеосы таралған еді.