"Қуат" корпорациясы мемлекеттің құрылысты аяқтауға бөлген қаржысының бір бөлігін мақсаттан тыс пайдаланды - БТА банк басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қуат" корпорациясы мемлекеттің құрылысты аяқтауға бөлген қаржысының бір бөлігін мақсаттан тыс пайдаланды - БТА банк басшысы

"Қуат" корпорациясы мемлекеттің құрылысты аяқтауға бөлген қаржысының бір бөлігін мақсаттан тыс пайдаланды - БТА банк басшысы

Алматы. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Қуат" корпорациясы мемлекеттің құрылысты аяқтауға бөлген қаржысының бір бөлігін мақсаттан тыс пайдаланды. Бұл туралы бүгін Алматыда республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен құрылыс мәселелері бойынша өткен кеңес барысында "БТА Банк" басшысы Роман Солодченко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 9 Қыркүйек 2008
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Біз «Қуат» компаниясы тарапынан жасалған қуатты қарсылықтың куәгеріміз. Банк екі жобалық компания құрған, алайда, оларға активтерді аудару мәселесі бүгінгі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. «Қазына» даму қорының желісімен біз игере бастаған ақшаның бір бөлігі мақсаттан тыс пайдаланылды. Нәтижесінде, біздің бір ғана нысандағы тексеруіміз бойынша, $134 млн қаржы мақсаттан тыс жұмсалған», — деді Р. Солодченко.

Ол осы орайда «компанияға өз тарапынан қысым көрсетудің барлық тәсілдерін қолданғанын, бірақ ол нәтиже бермегенін» айта келе, «Қуат компаниясымен бірлескен нысандар бойынша сотқа шағым түсіретінін» жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар