«Қуат­ты Қазақстанды бірге құрамыз!» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қуат­ты Қазақстанды бірге құрамыз!» - республикалық басылымдарға шолу

«Қуат­ты Қазақстанды бірге құрамыз!» - республикалық басылымдарға шолу

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қуат­ты Қазақстанды бірге құрамыз!» атты форум-көр­меге қатысты. Осыған орай «Егемен Қазақстан» газетінде «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» деген тақырыппен көлемді мақала жарияланды. Басылымның атап өтуінше, форум Астанадағы «Көрме» ор­талығында өтті. Оған еліміздің бар­лық өңірінен 800-ден астам адам келді. Президент алдымен 139 қа­зақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің тауарла­ры ұсынылған «Қазақстандық қам­­ту-2011» атты көрмені аралап кө­ріп, 2011 жылдың бірінші жар­ты­жыл­дығында іске қосылған Қазақ­стан­ның индустрияландыру карта­сының жобасымен танысты және жоба бойынша облыстар әкім­де­рінің есептерін тыңдады. Президентке жалпы құны 114 млрд. теңгені құрайтын Индус­трия­ла­н­ды­ру картасының 75 ин­вестиция­лық нысаны танысты­рылды. Бұл өндірістердің ашы­луы­мен қатар 9 мыңнан астам жұ­мыс орны құры­латын болады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 665
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасы іске асырыла бастауына орай капсуланы қалау рәсіміне қатысты», — деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Жалпы ұзындығы 41,81 ша­қырымдық жобаны 3 кезеңде жү­зеге асыру жоспарланған: «Әуе­жай — Әбу-Даби Плаза» бағыты бой­ынша 1-ші кезеңі, «Әбу-Даби Плаза — Темір жол вокзалы» ба­ғы­тын­да 2-ші кезеңі, «Темір жол вокзалы — Әбу-Даби Плаза» ба­ғы­тында 3-ші кезеңі іске асы­рыл­мақ. Астана қаласының әкімдігі та­ра­пынан арнайы «Астана LRT» ЖШС ком­паниясы құрылды. Бұл компания жеңіл рельсті трамвай құры­лысы мен жобалауға тапсы­рыс беруші ретінде құрылып отыр. Мақала «Жүрдек трамвай жүйткитін болды» деген тақырыппен берілген.

***

Кеше Тәуелсіздік сарайында ІІ Халықаралық тау-кен-металлургия Конгресі шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «XXІ ғасырдағы тұрақты дамудың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Бұл кітап автордың алдағы еңбектерінің қисынды жалғасы болып, 2012 жылдың «РИО-20» Тұрақты даму бойынша дүниежүзілік саммитіне өзіндік ерекше жолдау болып табылады. Сонымен қатар әлем және ЕурАзЭҚ елдерінің ғаламдық энергетикалық және экологиялық қауіпсіз дамуын құру мәселелерін теориялық және әдістемелік зерттеулері циклының аяқталуы болып табылады. Осы жайт арқау болған мақала «Айқын» газетінде «Бағдарды көрсеткен баянды еңбек» деген тақырыппен берілген.

«Айқын» газетінің жазуынша, ақтөбелік екі полицейді атып кеткен алты күдікті іздестіріліп жатыр. Шұбаршы ауылына жұма күні күдіктілерді ұстау үшін облыстық ІІД, ішкі әскер жасақтары мен «Сұңқар», «Бүркіт», «Арлан», «СОБР» арнайы топтары жұмылдырылды. Сонымен қатар әуе техникасы бөлінді. Оларды ұстау кезінде арнайы жасақ сарбазы Руслан Жолдыбаев қаза тапты, үшеуі облыстық жедел жәрдем ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оқиғаның мән жайын білгіңіз келсе, «Алты күдікті іздестіріліп жатыр» деген мақалаға көз жүгіртіңіз.

***

Кеше елордадағы «Көрме» кешенінде өткен «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз» атты индустриялық-инновациялық форумға орай «Алаш айнасы» газетінде «Қазақстанда жасалған» тауарларды көптеп шығару баршамыздың міндетіміз» деген тақырыппен көлемді мақала жарияланды. «Біз бәсекеге қабілетті 50 елдің арасына кіреміз дедік. Міне, бүгін тағы да бір қадам соған жақындап отырмыз. Екіншіден, бүгінгі көрмеге Қазақстанда атқарылып отырған шаралардың барлығы қойылып отыр. Оған 139 отандық тауар өндірушілер қатысуда. Сондықтан жылдан жылға «Қазақстанда жасалған» деген тауарлар шығаруды арттыру баршамыздың міндетіміз», — деген Елбасы форум барысында.

***

«Казахстанская правда» газетінің жазуынша, Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Қырғыз Рес­пуб­ли­касының Премьер-министрі Алмазбек Атамбаевты қабыл­да­ды. Кездесу барысында бірқатар екіжақты ынтымақтастық мәсе­лелері талқыланды. «Біз әрқашан Қазақстанның, Қазақстан Президентінің — құр­метті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың бауырластығына арқа сүйеп келеміз. Біздің арамызда жақсы қарым-қатынастар қалыптасқан. Қазақстан Президентінен үйренеріміз көп. Мен Президент таңдауда Қазақстанның өте жолы болғанын жиі айтатынымды жа­сыр­ғым келмейді. Бұған Астана қаласы дәлел болып табылады», — деді А.Атамбаев журналистерге арналған брифингте.

Соңғы жаңалықтар