"Құдайдан қорықпағаннан қорық": Сәкен Майғазиевтің көңілі кімнен қалды? - kaz.caravan.kz
  • $ 516.01
  • 582.47
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдайдан қорықпағаннан қорық": Сәкен Майғазиевтің көңілі кімнен қалды?

"Құдайдан қорықпағаннан қорық": Сәкен Майғазиевтің көңілі кімнен қалды?

Әлдекімдер Алтынбек Қоразбаевтың қайтыс болғаны жайлы ақпарат таратып, елді дүрліктірген.

  • 6 Наурыз 2019
  • 152
Фото - Caravan.kz

Бұл жағдайға көпшілік қауым уайымдап, композитордың мазасын алған көрінеді, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Құдайдан қорыкпағаннан қорық", деп қазақ бекер айтпайды. Осындай жалған ақпарат таратып, көкеміздің жақындарының жүрегін ауыртқанда "мүйіз" шыға ма?! Көкеміздің жағдайы жақсы, аман-есен. Таңертең де, қазір де хабарластық. Бұл жазбаны көкемнің өтініші бойынша жазып отырмын. (Телефонына тыным болмай жатқан көрінеді) Көке, жүзге келген тойыңызды тойлауды жазсын", — деп жазды ол.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev) on

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің де қайтыс болғаны туралы жалған ақпарат таратылған болатын.