Ғаламторда Иерусалимде орналасқан Иса пайғамбардың мәйіті жерленген Құдай қабірі храмында ғалымдар археологиялық зерттеу жүргізу мақсатында киелі қабірдің бетіндегі мәрмәр тақтасын ашты, деп хабарлайды Baq.kz. Осы тарихи сәтті түсірген арнайы видео National Geografic журналының сайтында жарияланған.
Мәрмәр тақта 1555 жылы орнатылған. Оның астынан тастан қашалған қаншама тарихи материалдар табылды. Ұлттық географиялық қауымдастықтың ғалымдары арнайы жүргізілетін бірқатар ғылыми зерттеулерден кейін Иса пайғамбардың мәйіті жерленген қабірдің бетін жапқан өз тасының кейпі қандай болғанын анықтауға болады деп отыр.