«Құдайға сенетін дәлел таппай тұрмын, дінге сенбеймін»: Белгілі журналистің сөзі қызу пікірталас туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Құдайға сенетін дәлел таппай тұрмын, дінге сенбеймін»: Белгілі журналистің сөзі қызу пікірталас туғызды

«Құдайға сенетін дәлел таппай тұрмын, дінге сенбеймін»: Белгілі журналистің сөзі қызу пікірталас туғызды

Құранның көктен түскеніне сенбеймін. Құдайға сенетін дәлел таппай тұрмын, деді елімізге белгілі тілші.

  • 7 Маусым 2021
  • 2766
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы тележурналист Дархан Әбдік Нартай Аралбайұлының ютуб арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазақстан" Ұлттық арнасындағы "Парасат майданы" бағдарламасының жүргізушісі Дархан Әбдік бірталай дүниенің басын шалған. Дегенмен Абай туралы және дін жайлы айтқандары көпшілікті ойлантып тастады.

Сіз дінге сенесіз бе, атеистсіз бе?

— Атеистпін

Құдайға сенбейсіз бе?

— Жоқ.

Себеп?

— Сенетін дәлел таппай тұрмын.

Құран?

— Оған қандай дәлел бар

Құран көктен түсті, төртінші кітап болды дейді?

— Мен қандай да бір кітаптың көктен түсетініне сенбеймін.,

Жұмақ, тозаққа?

— Сенбеймін.

Оразай ұстамайсыз?

— Ұстамаймын.

Намаз оқымайсыз?

— Оқымаймын.

Құдайдың кәріне қаламын деген ой жоқ па?

— Жоқ.

Тағдырға, маңдайға жазылып қояды дегенге не дейсіз?

— Бос сөз ол.

Демек бізге Қазастан Мұсылмандары Діни басқармасы деген сияқты ұйымдар қажет емес дейсіз бе?

— Қажет емес деп есептеймін.

 

Соңғы жаңалықтар