Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"ҚР президенті Қ.К. Тоқаевтың "Саяси-қуғын сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" жарлығының жобасы шығыпты. Комиссияға қойылатын бірінші талап — заңсыз қудалауға ұшырағандарды толық ақтау! Осыған орай әңгіме қозғалған мамыр айындағы "бандылар" туралы ойымды қайта салып отырмын:
Менің екі жылдан бері айтып келе жатқан ұсынысым:
Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы
1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңды өзгерту керек . Оның 6-бабы, әсіресе в) тармағы отаршы Совет үкіметін қорғайды.
а) шетелге қашып немесе ұшып кетуден басқа Отанды сатудың барлық формалары; қарулы көтерiлiс немесе қарулы бандылар құрамында Республика аумағына революцияға қарсы мақсатта басып кiру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа да күш көрсету әрекеттерiне; тiмiскiлiк, терроризм актісі, бүлдiру әрекеттерiне қатысу;
б) жай халық пен әскери тұтқындарға қатысты күштеу әрекеттерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезiнде осындай әрекеттер жасауына басқыншылар мен Отанын сатқандарға деп берушiлiк;
в) қарулы бандыларды ұйымдастыру және олар жасаған кiсi өлтiрулерге, басқа күштеу әрекеттерiне қатысу.
Міне, осындай шым-шытырық. Аштан өлмеу үшін қолына қару алған азаматтар неге "банды" болуы керек, "революцияға қарсы" деген не сөз? Бұған салсақ 1916-32 жылдары көтеріліс жасаған қазақтың бәрі бандит. Комиссия осыны ескерсе", деген ұсыныс айтты журналист.
Аталған жазбаға көпшілік қолдау білдірді.Ал Заңғар Алтай есімді оқырманның бірі "Құдайға шүкір "бандының" ұрпағымыз" деген пікір қалдырды.