Ол Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
«Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді. Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып, сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды. Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін. Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын» деп жазды өнер иесі.