Жуырда Қырғызстанда үлкен дау туындады. Депутаттар, БАҚ өкілдері мен қоғам Fergananews.com порталының тілшісі Ұлықбек Бабақұловқа ««Люди как звери» аты мақаласы үшін өршелене тап берді. Онда Қырғыз еліндегі ұлтшылдық мәселесі көтерілген еді. Енді журналистті ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін азаматтықтан айырмақшы.
Caravan.kz медиа-порталының тілшісі жағдайдың анық-қанығын білу үшін Ұлықбек Бабақұловтың өзімен тілдесіп көрді.
— Қырғызстанда ұлтшылдық бір қарағанда жоқ секілді, бірақ ол бар. Жуырда ғана мерзімді басылымдардың бірінде ұлтшылдыққа қатысты сот ісі болғаны жазылды. Жәбірленуші елге белгілі врач-реаниматолог Егор Борисов, ал айыпталушы Мирлан Ирсалиев. Келеңсіз оқиға былтыр 29 маусымда болған. Егор Борисов қырғыз тілі курсынан соң үйіне қайтқан. Бірақ әйелі қоңырау шалып, біреудің көлігін машинасымен сырып кеткенін айтады. Борисов дереу сол жерге барғанда бүлінген көліктің иесі оны ұлттық ерекшелігіне байланысты балағаттай бастаған және қырғызша сөйлеуді талап еткен. Оқиға дәрігердің соққыға жығылуымен аяқталады. Оның миы шайқалып, бірнеше қабырғасы сынған. Борисовтың әйеліне де «орыс күйеуіңді алып Ресейге кет», деген сөздер айтылған. Ал мұндай оқиғалардың қаншамасы белгісіз күйінде қалып отыр? дейді Бабақұлов.
«Бірде автобуста танысыммен телефон арқылы өзбекше сөйлескенім үшін наразы болып, ашуға булыққан жолаушылардың дауысын естідім. Олар «не үшін өзбекше сөйлесесің, сартты көліктен түсіріп кетіңдер» деген сөздерді ашумен айтып жатты. Жалпы ұлтшылдар билікте де бар, парламентте де отыр, деді тілші.
Бұл мәселені көтерген Бабақұловтың пайымдауынша, ұлтшылдық ұлт талғамайды.Оның сөзінше, көбіне елде саны көп болғандықтан өзбектер жиі жапа шегеді екен. Дегенмен орыстар да, ұйғырлармен дұнғандар да ұлты ерекшелігігне байланысты шеттетіліп жататын көрінеді.
Мәселен төмендегі видеода ішіп алған қырғыз қыздарының жігітімен кетіп бара жатқан әлдебір қызға тарпа бас салғанын көруге болады. Сондағы олардың наразылығы «сен орыс болсаң Қырғызстанда не істеп жүрсің? Егер орыстар қырғыздарға Ресейде осылай істесе, біз де Қырғызстандағы орыстарға олай істей алмаймыз ба?», деген мағынада.
ЕСКЕРТУ: Видеода бейәдеп сөздер бар