"Құлағыңды, мұрныңды, тіліңді кесіп алам": Бұрынғы күйеуі әйелін тікелей эфирде зорлап өлтіретінін айтып қорқытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құлағыңды, мұрныңды, тіліңді кесіп алам": Бұрынғы күйеуі әйелін тікелей эфирде зорлап өлтіретінін айтып қорқытуда

"Құлағыңды, мұрныңды, тіліңді кесіп алам": Бұрынғы күйеуі әйелін тікелей эфирде зорлап өлтіретінін айтып қорқытуда

"НемолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі желіде бұрынғы күйеуі 3 желтоқсанға дейін өлтіріп кететінін айтып қорқытқан әйелдің хатын жариялап, тиісті орындардан көмек сұрады.

  • 24 Қараша 2022
  • 326
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Дина Таңсәрінің инстаграмдағы жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Айтуынша, қорға бұл хат 20 қарашада келіп түскен екен.

"Сізден көмек сұраймын. 2019 жылы мен тұрмысқа шықтым. Нақтырақ айтсам, мені алып қашып кеттіКүйеуім мені жиі ұрып-соғатын. Жүре алмай қалғанымша ұратын. Мен одан бірнеше рет кетіп қалдым. Бірақ, ол мені қоқан-лоққымен қайтарып алатын. "Өлтіремін, мүгедек етемін" деген сияқты қорқытатын. Мен қорыққанымнан қайта барамын. 2022 жылдың тамызында мен бар күшімді  жинап, одан кетіп, ажырасуға арыз бердім. Қыркүйекте ол мені ұстап алып, ешкім жоқ жерге апарып, өзімен бірге пышақ алып, мені бауыздап тастағысы келді. Ұялы телефонымды да алып қойды. Қорқыныштан не істерімді білмедім де оған біз қайтадан бірге болатынымызды айттым. Содан кейін, онымен шамамен 10 күндей тұрдым.10-шы күні ол мені тағы ұрып тастады. Ол шығып кеткенде мен заттарымды жинап, қашып кеттім!" — делінген хатта.

Хатқа сүйенсек, олар 2022 жылы заңды түрде ажырасыпты. Бірақ, бұрынғы күйеуі әлі де тыныштық бермей жүргенін айтып отыр. 


"Мені бәрібір тауып алатынын айтады. Саусақтарымды, құлағымды, мұрнымды, тілімді кесіп алатынын айтады. Менің балам бар. Оны асырап, бағуым керек. Қазір, тіпті, дүкенге бара алмай жүрмін. Одан қорқамын. Полиция ештеңе істей алмайды. Маған көмектесіңіздерші, өтінемін. Абьюзерден зардап шеккендердің бірі болғым келмейді!", деген.

23 қараша күні күйеуінен қорқып, көмек сұраған әйел Дина Таңсәріге тағы да жазыпты. 

"Сәлеметсіз бе тағы да! Одан қорғау нұсқамасын алып тастапты. Енді, ол маған 3 желтоқсанға дейін өлтіріп кететін айтып жазып жатыр", — депті

Ал күйеуі телефон арқылы "Бір күні көлігімнің жүк салғышында жатасың, тікелей эфирде зорлап,өлтіріп тастаймын, Ант етемін, маған енді бәрібір. Ештеңеден қорықпаймын" деген хабарлама жіберген. 

Соңғы жаңалықтар