Құлдықтан босап шыққан әкесін қызы КТК телеарнасы арқылы тауып алды
|
Шығыс Қазақстанда екі жыл бойы құлдықта болып, қара жұмысқа жегілген азамат өз туыстарымен қауышты! Олардың босатылғанын біздің арнамыздағы жаңалықтардан көріп, өскемендік Любовь Якасова жоғалған әкесін таныпты.
Константин Якасов 2 жыл бұрын із-түссіз кеткен. Өткен жұма күні арнамыздағы «Жаңалықтар» шығарылымын қарап отырған қызы өз көзіне өзі сенбепті. Бірден КТК-ның сайтын ашып, Шығыс Қазақстан облысында құлдықтан азат етілгендер туралы материалды қайта қарап шыққан. Сөйтіп, әкесін таныған Любовь арнамызға қоңырау шалды.
Любовь Якасова, Өскемен қаласының тұрғыны:
- КТК телеарнасынан көрген кезде көңілім алып-ұшты. Бұл менің әкем ғой дедім. Осы кездесуді ұйымдастырған сіздерге алғысым шексіз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін