Жарияланды: 750

Құлсары қаласында жаппай төбелесте 19 жастағы жігіт мерт болды

Атырау облысында аудандық ауруханада жас жігіт жантәсілім етті. Ол ішінен жарақаттанып, ауруханаға түскен болатын.

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, таңғы сағат 07.00-де Құлсары қаласында жекеменшік бір үйдің ауласында төбелес болды. Оған 4 жас жігіт қатысқан, олардың ең үлкені небәрі 20 жаста. Төбелес кезінде 19 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны жарақаттанған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін