Caravan Logo

Құлсары қаласында жаппай төбелесте 19 жастағы жігіт мерт болды

Құлсары қаласында жаппай төбелесте 19 жастағы жігіт мерт болды

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәзира Мұхтарова хабарлағандай, таңғы сағат 07.00-де Құлсары қаласында жекеменшік бір үйдің ауласында төбелес болды. Оған 4 жас жігіт қатысқан, олардың ең үлкені небәрі 20 жаста. Төбелес кезінде 19 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны жарақаттанған. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.