Құлсарыда 25 жұмысшы уланып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлсарыда 25 жұмысшы уланып қалды

Құлсарыда 25 жұмысшы уланып қалды

Теңіз ауылында "ЮлмарСервиз" ЖШС-нің 25 жұмысшысы кешкі астан кейін өздерін нашар сезінген. Олар улану белгілерімен Құлсары орталық аудандық ауруханасына жеткізілді.

  • 12 Ақпан 2019
  • 32
Фото - Caravan.kz

Медициналық қызметкерлер хабарлағандай, науқастардың 21-ін дәрігерлер қарап, амбулаториялық ем алуға жіберген, қалған төртеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Қазір науқастардың жағдайы бір қалыпты. Улану себебі сараптама нәтижесінде белгілі болады, деді аудандық аурухананың бас дәрігері Зылиха Құлғазиева.

Бұдан бұрын Қарағанды облысы Абай қаласында жаппай улану жағдайы болған еді. Ол кезде дөнер жеп уланған 12 адам медициналық көмекке жүгінген.


Соңғы жаңалықтар