Д.Қасейіновтың айтуынша, “2005-жылы ЮНЕСКО-ға “Сарыарқа: Солтүстік Қазақстанның далалары мен көлдері” (Құлжа және Наурзум қорықтары) атты толықтырылып өңделген досье жолданды. Онда аталмыш қорықтарды ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұралардың тізіміне енгізу сұралған”,- деді хатшы. “Бұл өтініш бойынша түпкілікті шешім Бүкіләлемдік мұра комитетінің 2007-жылғы кездесуінде қабылданады”,- деді ол.
Сонымен бірге Д.Қасейіновтың айтуынша, 2005-жылы Бүкіләлемдік мұралар тізіміне “Отырар-төбе қаласы” аталымын ұсыну жұмыстары жүзеге асырылды.
2005-жылы сондай-ақ ұлттық комиссияның қатысуымен ЮНЕСКО, Бельгияның Гент қаласындағы университет пен Әлкей Марғұлан атындағы археология институты дайындаған “Шығыс Қазақстан мен Ресейлік Алтайдағы қатып қалған қорғандарды сақтап қалу” атты ұзақ мерзімді жобаны іске қосу мәселесі дәйектелді. “Бұл жобаны жүзеге асыруға ЮНЕСКО-ның жанындағы Фламанд траст қоры 300 мың евро бөлмекші”,- деді Д.Қасейінов.