Баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технолоияның ерекше түрі бұл — құм терапиясы. Құммен жұмыс жасау баланы ашуға тез берілуден, жылауықтықтан, агрессиядан айықтырады және алдын-ала сақтайды.
Бала үшін әр өнердің түрі ерекше болғанымен, құммен сурет салу қай жағынан да тигізер пайдасы ерекше. Құм – тек баланы өнерге баулып қана қоймай, медициналық тұрғысынан да тиер көмегі ерекше. Қазіргі таңда, көпке таныла бастаған құм терапиясы да қарқын алып келе жатқаны баршаға мәлім.
Сaravan.kz медиа-порталы ерекше өнер — құм терапиясының қыр сырын ақтарып көрді.
Алматы қаласында да соңғы жылдары аталған құм терапиясы кең етек жайып келеді. Мәселен шаhардағы "Зерде" балабақшасы үш жылдан астам уакыт бойы осы бағытта жұмыс атқарып жатыр екен.
"Бұл салада жұмыс жасау біз үшін де, бала үшін де, тіпті, әр ата-ана үшін де жаңашылдық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» атты Қазақстан-2050 стратегиясында «Адамзат үшін 21 ғасыр — жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…Ал жас ұрпақтың тағдыры — ұстаздардың қолында»-деп ұстаздар қауымына үлкен міндет жүктеді. Сондықтан, әрбір ұстаз бала үшін жаңа технологиямен жұмыс жасау парзымыз және борышымыз деп білемін",- дейді «Зерде» балабақшасының меңгерушісі Ақмарал Серікғазықызы.
Жалпы ауылды жерлерде кез келген баланың далада құммен ойнайтыны белгілі. Бірақ, қалалы жерде құммен ойнауға екінің бірінің мүмкіндігі бола бермейтіні де анық. Аталған "Зерде" балабақшасының осы саланы кеңінен қолға алуды жөн көріп, қарқынды дамытып жатқан жайы бар.
Айта кетерлігі балабақша жасындағы балапандарға ауыр тиетін ас күрделі жұмыстар берілмейді. Сол себепті, құм өнері қандай да бір икемділікті талап етпейді. Жас ерекшеліктеріне сай жеңіл тапсырмалар беріліп отырады.
Олар кіші, ортаңғы және үлкен топ болып үшке бөлінеді:
Кіші топ — еркін тақырыпта қалаған бейнелерді, шимайларды салады.
Ортаңғы топ — өтілген тақырыпты қамтиды. Сол төңіректе салуға рұқсат етіледі.
Ересек топ — әріптер және де сандарды құмда бейнелейді.
" Біз балабақшаны ашқан сәтте ата-аналарға тың және ерекше қызмет түрін ұсынғымыз келді. Мектептке дейінгі баланың бар зейінін қалыптастыруда балабақшаның қосар үлесі өте зор. Біз өзге елге көз жүгірте отырып, өз біліктілігімізді жаңарта отырып, бала үшін бар күш-жігерімізді салуда аянбай еңбек етудеміз»,- дейді құмды анимацияны қолға алып, дамытып отырған «Зерде» балабақшасының меңгерушісі Ақмарал Серікғазықызы.
Сурет салу мен құммен сурет салудың айырмашылығы
Сурет салу өнері мен құм өнерінің ең басты айырмашылығы ол – сезіну болып табылады. Яғни, балапандарымыз тек құмның көмегімен берілген тапсырманы орындап қана қоймай, ең бастысы ұсақ және ірі қол маторикасын дамытады. Ойлау , қиял, зейін, есті факторы жұмыс атқара отырып дами түседі. Танымдық және психикалық процестер баланы өзін жайлы сезіндіріп шығармашылық белсенділігін арттырады.
Құммен сурет салу үшін аса бір өнерді қажет етпейді. Кез-келген бала сурет сала алмаса да, құммен сурет салу үшін еш қиналмайды. Құммен сурет салу ең жеңіл, әрі бала үшін де, ересек үшін де барлық жағынан ыңғайлы.
Құммен ойнау баланың ашуланшақтығын, агрессиясын, жылаңқылығын тоқтатады және бұл кезде қиялды дамытып, балалардың эмоционалдық жай-күйіне жағымды ықпал етеді, даму және өзін-өзі дамыту үшін жақсы құрал болып табылады.
Құммен сурет салу жас талғамайды
Құммен сурет салу жас талғамайды. Қалаған адам өзінің ойындағы ойларын және сезімін құммен сурет салу арқылы ұштап, серігіп алуына болады. Не болмаса профессионалды тұрғыда құм терапиясы дейміз, құм өнерімен айналыса алады.
Құммен сурет салуда әр адам тынығып, демалып қалады. Бұл жүз пайыз практикалы түрде дәлелденген.
Бала шығармашылығында бұл сала кез-келген тақырыпты қамтиды. Ақын-жазушылардың өлеңдері арқылы көз алдына қандай да бір бейнені елестете отырып шығармасын шыңдай береді.
Зерттей келе, құм терапиясының тек қана балаларымыздың өнерге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, бала денсаулығына да жақсы әсерін тигізетінін білгенде сөзсіз құм өнері біздің балабақшамызда болуы керектігін түсіндік.
Баланың құммен ойнаудағы тағы бір пайдасы – бала өзі туралы айтудың, эмоциялық күйзелісін құм арқылы көрсете біледі, ішкі дүниесін сыртқа шығара алады.
Құммен сурет салудың тарихы
Құммен сурет салу немесе San-art жанры өткен ғасырдың 70-ші жылдары АҚШ-та пайда болған. Алғашқысында бұл құмдық өнер анимациялық жаңалық ретінде енсе, кейіннен оның қолданыс аясы кеңейе түсті.
Бұл сала Қазақстанда әлі де кеңінен таралған жоқ. Әлі де білмейтін жандардың қатары жетерлік.
Құм анимациясының өзі екі түрде қолданылады. Терапия ретінде және өнер ретінде.
Терапия түрін алар болсақ, ол баланың ұсақ маторикасын, ойлау қабілетін дамытады. Баланы әсемдікке, әдемілікке үйретеді. Баланың шығармашылығын тереңдетеді. Өз ойын толыққанды жеткізе алуына кеңінен мүмкіндік береді. Және де қазіргі таңда бір орында отыра алмайтын гиперактивті балалар көп. Баланы нақты нәтижеге жұмыс жасап, тиянақтылыққа баулиды.
Құммен жұмыс жасауда, ойнауда, баланың ашуға тез берілуінен, көп жылауықтылығынан, агрессиядан айығады және алдын-ала сақтайды.
Баланың қиялын дамытуда, өзін-өзі дамытуда қазіргі замандағы жаңа технолоияның ерекше түрі болып табылады.
Бала үшін әр өнердің түрі ерекше болғанымен, құммен сурет салу қай жағынан да тигізер пайдасы ерекше. Құм – тек баланы өнерге баулып қана қоймай, медицина тұрғысынан да тиер көмегі ерекше. Қазіргі таңда, көпке таныла бастаған құм терапиясы да қарқын алып келе жатқаны баршаға мәлім.
Бұл өнердің ең қызық жері бала болсын, ересек жан болсын адам талғамайды және сурет салуға деген икемділікті еш қажет етпейді.
Құм – адамды өзіне баулап тартып алады. Өзі сондай жұмсақ ерекше дүние. Әр бала құмды жақсы көріп ойнайды. Бұның қасиеті де сол тартылыс күшінің мықтылығында жатыр. Құмды магнит деп те атауға болады.
Кез-келген жан тылсым дүниедегі ерекшелікті қажет етіп іздегенде құмның қасиетін, жылулығын сезініп, ұстап, өзі қалаған ішкі дүниесін ақтарып байқап көрген жөн.