«Мұнай құбыры қандайбір заңды негізсіз бір жақты жабылған. Соның салдарынан мұнай кенішінде апатты жағдай туындады»,- делінген хабарламада. Компаниядағылардың атап көрсетуінше, «мұнай өндіруді әсіресе қыс маусымында біржола тоқтату техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қиындықтармен бірге (ұңғылардың жұмысын қалпына келтіруге бағытталған), күн сайын 10 мың тонна мұнай өндіруге бағытталған жоспарды бұзып, келісім-шарт бойынша жүктеп алған міндеттемелерді орындауға кедергі келтіруде. Бұл кәсіпорын, оның акционерлері мен барлық сатылы республикалық бюджетттер үшін айтарлықтай шығын әкелмек».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Торғай-петролеум» компаниясы акцияларын 50 проценттен «ЛУКОЙЛ» ААҚ мен Канаданың PetroKazakhstan компаниялары тең бөліскен бірлескен кәсіпорын болып табылады. Бірлескен кәсіпорын Қызылорда облысындағы Құмкөл кенішінің солтүстік бөлігін игереді. 2003-жылы 177 шақырымдық Құмкөл-Жосалы мұнай құбыры іске қосылды. «Торғай-петролеум» бірлескен кәсіпорнының 30 мың тонна көлеміндегі алғашқы мұнайы КТК жүйесіне 2003-жылғы қазан айында жіберілді.