"Құны 800 мың теңге": Жұма намазға келген адамның брендтік аяқ киімін ұрлап кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құны 800 мың теңге": Жұма намазға келген адамның брендтік аяқ киімін ұрлап кеткен

"Құны 800 мың теңге": Жұма намазға келген адамның брендтік аяқ киімін ұрлап кеткен

Астана мешітінде брендтік аяқ киім ұрлаған ер адам ұсталған.

  • 11 Қазан 2023
  • 2155
Фото - Caravan.kz

Мешітте аяқ киім ұрлау фактісі бойынша полицияға қала тұрғыны жүгінген. Жұма намазына келген жәбірленуші қайтарда кроссовкасын таппай қалғанын айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы . 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданының полицейлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғынын анықтаған. Тергеу барысында ер адамның түскі сағат 14:00 шамасында Қабанбай батыр даңғылында орналасқан мешітке келгені белгілі болған. Келушілердің аяқ киімдерінің біріне көзі түскен күдікті, ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, құны 800 мың теңге тұратын Stefano Richi брендінің кроссовкасын киіп кеткен.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріліп жатыр", — делінген Polisia.kz таратқан ақпаратта.