Құны Т2,1 млрд тұратын «АстанаЭкоСтандарт» кешені Астанада IV тоқсанда жұмысын бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құны Т2,1 млрд тұратын «АстанаЭкоСтандарт» кешені Астанада IV тоқсанда жұмысын бастайды

Құны Т2,1 млрд тұратын «АстанаЭкоСтандарт» кешені Астанада IV тоқсанда жұмысын бастайды

ҚР вице-премьері Өмірзақ Шөкеев Астанадағы құны Т2126,2 млн тұратын «АстанаЭкоСтандарт» кешеніне барды. Ол іске 2011 жылдың IV-ші тоқсанында қосылады, деп үкімет басының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2011
  • 444
Фото - Caravan.kz

«Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 3 га. Жоба қуаты жылына 1050 тонна қияр және 900 тонна қызанақ жинауға арналған. Жобаның жалпы құны 2126,2 млн тұрады. 53 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кешен құрылысына Израильде шығарылған жабдықтар пайдаланылады», — делінген ҚР премьер-министрінің сайтында бейсенбі күні жарияланған хабарда.

Хабарда айтылғандай, кешенді Т1,5 млрд көлемде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаржыландырады. Одан басқа, Ө. Шүкеев мал басын көбейтетін мал шаруашылығы кешен құрылысында болды. Оны «ҚазАгро» компаниясының еншілесі – «Қазагромаркетинг» АҚ құрған.

«Орталық мамандары асыл тұқымды ірі қара мал басын көбейтуде көптеген шетелдерде пайдаланылатын қолдан ұрықтандыру тәсілін қолдану барысы туралы айтап берді», — делінген хабарда.

Соңғы жаңалықтар