"Ислам мемлекеті" Еуропаға босқын түрінде террористерді жібермек ойы бар-БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ислам мемлекеті" Еуропаға босқын түрінде террористерді жібермек ойы бар-БАҚ

"Ислам мемлекеті" Еуропаға босқын түрінде террористерді жібермек ойы бар-БАҚ

Радикалды суниттік "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобы шабуылдар дайындау үшін" Еуропа елдеріне босқын түрінде террористерді жібермек ойы бар, деп хабарлады жексенбіде германдық "Дойче велле" радиостанциясы.

  • 6 Қазан 2014
  • 964
Фото - Caravan.kz

Онда атап өтілгендей, ИМ содырларының жоспары туралы топ жетекшілері арасындағы кодировка мағынасын ашқан америкалық барлау қызметтері біліп қойды,террористердің ниеті туралы герман барлауы да біліп отыр.

ИМ жоспарынша, Сириядан ағылған адамдардың ішінде төрт адамнан құралған террористік топ Түркия барып, ол жерден жалған құжатпен Батыс Еуропа елдеріне аттанбақ.Әуе жайларында бақылау қатаң болғандықтан, Еуропаға жолда террористерге ұшаққа отыруға тыйым салынады.

Сарапшыларға сілтеме жасай отырып "Дойче велле" сириялық –түрік шекарасында ретсіздік кезінде босқындардың арасынан террористерді анықтау асау қиын болады деп мәлімдеуде.