Құпия аппаратурасы бар әскери мақсаттағы дирижабль 300 шақырымды артқа тастап, жерге құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.16
  • 580.94
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құпия аппаратурасы бар әскери мақсаттағы дирижабль 300 шақырымды артқа тастап, жерге құлады

Құпия аппаратурасы бар әскери мақсаттағы дирижабль 300 шақырымды артқа тастап, жерге құлады

АҚШ-та, Монтроз округінде (Пенсильвания штаты) әскери  дирижабль құлады. Оның бортында құпия аппаратура болған. Келтірілген шығын мөлшері анықталған жоқ, деп хабарлады ТАСС.

  • 29 Қазан 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz


Дирижабль бұдан бұрын Абердин (Мэриленд штаты) полигонынан ұшқан. Оның корпусындағы электр беретін желіде салбырап кеткен кабельдер бір-біріне тиіп,  қысқа тұйықталған.  20 мың адам жарықсыз қалды.

Басқарусыз  режімдегі ұшу аппараты құлағанға дейін 300 шақырымдай жерді артқа тастаған. БАҚ мәліметтеріне қарағанда, дирижабльдің құрылғыларымен қосқандағы құны шамамен 1 миллиард долларды құрайды.