Құқық қорғау мекемелері сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құқық қорғау мекемелері сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтті

Құқық қорғау мекемелері сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтті

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге құзырлы құқық қорғау мекемелері осы бағыттағы жұмыстарды күшейтті. Бүгін, 21-қазанда "Мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңына бағынуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге қатысты жұмыстар" тақырыбындағы семинар-кеңесте мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2005
  • 369
Фото - Caravan.kz

О.Әбдікәрімовтың айтуынша, 2005-жылдың тек бірінші жартысында Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 917 дерек әшкереленсе, 2004-жылы бұл көрсеткіш бүтін жыл бойына 1367-ні құраған. «Бұл — ахуалдың нашарлай түскенін емес, уәкілетті мемлекеттік мекемелердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейте түскенінің нышан белгісі деп ұғамыз»,- деді мемлекеттік хатшы.

Сонымен бірге О.Әбдікәрімов «президенттің төрағалық етуімен қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаралған айтарлықтай ірі сыбайлас жемқорлыққа қатысты істердің аяқсыз қалғанына» таңданыс білдірді.
ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2005-жылдың басынан бері Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1019 қылмыс әшкереленген. Бұл 2004-жылғы деңгейден 35 процентке артық. Соның ішінде ең жоғары үлес парақорлық (195), лауазымдық құзырын бас пайдасына жарату (242), қызмет бабын пайдаланып жалған ақпарат-құжаттар беру (417), сеніп тапсырылған басқаның мүлкін пайдаланып кету (97), қызмет барысындағы әрекетсіздік (24) қылмыстарына тиесілі.

Перейти к новостям спорта