Заң жобасы қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамасын одан әрі ізгілендіруге, сондай-ақ қылмыстық сот өндірісі мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған.
Жоба Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстерге, «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.