Құқық қорғаушы Шамсутдиновты Өзбекстанға берген жағдайда Қазақстан халықаралық қоғамдастық алдындағы өз міндеттемесін бұзады - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құқық қорғаушы Шамсутдиновты Өзбекстанға берген жағдайда Қазақстан халықаралық қоғамдастық алдындағы өз міндеттемесін бұзады

Құқық қорғаушы Шамсутдиновты Өзбекстанға берген жағдайда Қазақстан халықаралық қоғамдастық алдындағы өз міндеттемесін бұзады

Алматыдағы құқық қорғау мекемелері қамауға алған құқық қорғаушы Латфулло Шамсутдиновты Өзбекстанға берген жағдайда Қазақстан халықаралық қоғамдастық алдындағы өз міндеттемесін бұзады. Бүгін, 6-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон Ордвей осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Шiлде 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

Дж.Ордвейдің айтуынша, АҚШ басшылығы Л.Шамсутдиновтың Алматыда ұсталу дерегіне айрықша алаңдаушылық танытуда. «Ол босқын мәртебесін алған және БҰҰ-ның қорғауында. Сондықтан босқындар туралы конвенцияға сәйкес Қазақстан құқық қорғаушыны өз еліне қайтарып бермеу міндеттемесін жүктейді. Бұл — халықаралық стандарт. Қазақстан оған бағынуға тиіс»,- деді елші.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өзбекстандық құқық қорғаушы кеше, 5-шілдеде Алматыда ұсталған. Онымен бірге отбасының мүшелері де, әйелі мен төрт баласы ұсталды.
Л.Шамсутдинов Әндіжандағы оқиғаларға тәуелсіз зерттеу жүргізіп жүрген. Алайда ол Өзбекстандағы билік тарапынан құқық қорғаушылар мен журналистерге қысым көрсетіле бастаған кезде өз отанынан қашып шығуға мәжбүр болды. Өзбекстандық құқық қорғаушыны АҚШ үкіметі қабылдауға әзірлік танытып отыр.

Перейти к новостям спорта