Құқық қорғаушылар Дағыстанда жылына 1240 қыз баланы сүндетке отырғызады дейді. 2018 жылғы есеп бойынша Дағыстанда 3 млн адам бар.
Зерттеу жұмысының бірінші бөлімі 2016 жылдың күзінде жарық көрген. Бұл Кавказ өңірінде үлкен дау туғызған. Аталған баяндамадан кейін Солтүстік Кавказ мүфтиі жезөкшелікті тыятын жол деп, қыздарды сүндетке отырғызуды ашық қолдады. деп жазды centralasian.org
Дағыстан прокуратурасының қызметкері мақаладан кейін тексеру жұмыстарын жүргізгенін, бірақ "айғақтайтын ақпарат таппағанын" мәлімдеген.
"Қыз балаларды сүндеттеу – бұл "жеке операция". Бұған қазіргі қоғамда тыйым салынғандықтан ешбір әйел прокуратураға барып, өзінің балалық шақта сүндеттелгенін әрі бұл тәжірибе әлі күнге дейін кейбір ауылдарда жүргізілетінін айтпайды" дейді құқық қорғаушылар.
Баяндама авторлары қыздарды сүндеттеуді тоқтату үшін ең алдымен ер азаматтардың бұл мәселеде көзқарасын түбегейлі өзгерту керек деп есептейді. Бұл үшін діни лидерлер қыздарды сүндеттеуді ашық түрде айыптап, тыйым салуға шақыру керек дейді.