"Құқық тәртібі" шарасын өткізу барысында елімізде 20 кило героин тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құқық тәртібі" шарасын өткізу барысында елімізде 20 кило героин тәркіленді

"Құқық тәртібі" шарасын өткізу барысында елімізде 20 кило героин тәркіленді

Қазақстан аумағында қарашаның 14 мен 20-шы жұлдыздары аралығында өткізілген "Құқық тәртібі" шарасы барысында 250 кило әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 20 кило героин тәркіленді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Қараша 2003
  • 398
Фото - Caravan.kz

Осы мерзімде есірткіге қатысты 589 қылмыс, соның ішінде есірткі сату дерегіне қатысты 133 қылмыс әшкереленді.

Операция барысында республиканың құқық қорғау мекемелері барлығы 4339 қылмыс тіркесе, кезекшілік мерзімде 3980 қылмыстің беті ашылды. Ертеректе жасалған 845 қылмыс әшкереленді, оның 147-сі тіпті бұрын жасалған қылмыс. «Құқық тәртібі» шарасын өткізу барысында 2851 қылмыстық іс қозғалды.
ІІМ-нің мәліметіне сәйкес, осы аптада бұрындары іс-түзсіз жоғалған 397 адам табылды. Ұрланған 87 көлік табылды.
Республика аумағында болу тәртібін бұзуға байланысты 5047 шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 209-ы алыс шетел азаматтары болса, 4865 адам ТМД азаматтары. Барлығы 2945 адам, соның ішінде алыс шетелдерден келген 120, ТМД елдерінен келген 2845 адам республика аумағынан аластатылды.

Соңғы жаңалықтар