Құран сүресінде айтылатын тас табылды... - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құран сүресінде айтылатын тас табылды...

Құран сүресінде айтылатын тас табылды...

Сауд Арабиясының бір тұрғыны ғажайып тас тауып алыпты. Оның ойынша, бұл археологиялық артефакт - Құранда «сиджиль» деген атаумен белгілі тас болуы мүмкін. Бұл туралы Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты muslim.kz жазады.

  • 15 Қараша 2012
  • 589
Фото - Caravan.kz

«Құранның «Піл» сүресінде Қағбаны қиратпақ болып жорыққа шыққан басқыншыларды жазалау үшін Алла Тағала «Әбәбил» деп аталатын құстарды жібереді. Ол құстардың тұмсықтарында және тұяқтарында жоғарыда атап өткен «сиджиль» деген ұсақ тастар болады. Ниеті жаман басқыншыларды аспаннан төніп келген құстар сол тастармен атқылап өлтіреді. Міне, саудиялық жігіт бұл «олжасын» сол кездегі тастың бірі деп отыр. Жігітке Мысырдан «тасты 4 миллион долларға сат» деген ұсыныс та түсіп үлгерген. Алайда, бұл жәдігерін жігіттің ешқандай сомаға сатқысы жоқ», — деп жазады muslim.kz.

Тастың салмағы — 131 грамм. Мөрге ұқсас таңбасы бар. Зерттеу нәтижелеріне қарасақ, тас қатып қалған күйген лайдан шыққан. Табылған тас біздің эрамызға дейін 571 жыл, яғни шамамен 1442 жыл бұрынғы заманға жатады. Саудиялық жігіттің айтуынша, тас әл-Баха аймағына жататын Әл-Ақық провинциясының Жараб өлкесінде табылған.

Соңғы жаңалықтар