«Құрастырмалы пирамида» Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Құрастырмалы пирамида»  Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар

«Құрастырмалы пирамида» Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар

Ресейдің Кемерово қаласында 6-9 ақпан күндері бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен Әлем чемпионаты өтеді. ҚР Бильярд федерациясының хабарлауынша, онда ел намысын алматылықтар Әлихан Қаранеев, Қаныбек Сағындықов, Эмиль Мударисов, Ернар Шымбаев, астаналық Қуаныш Абпасов пен тараздық Максим Пан қорғамақ.

  • 1 Ақпан 2013
  • 439
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін 2011 жылы 21-24 ақпанда Алматыда өткен Әлем чемпионатына 13 елдің 64 спортшысы қатысқан болатын. Онда Қаныбек Сағындықов 3-ші, Азат Түменов 8-ші, Қуаныш Абпасов, Әуез Елубаев,. Әлихан Қаранев, Ернар Шымбаев 9-12, Алмас Әбсейт, Александр Власихин, Арби Муциев, Әлібек Омаров 19-23, Самат Гинаятов, Әділ Дияс, Дмитрий Кириллов, Эмиль Мударисов, Нұркен Сүйкембаев, Айдос Туғанбаев, Дәурен Орынбаев 34-40, Гарри Акопов, Зайнаудин Бахтишат, Максим Пан, Мирас Сақтағанов 51-54 орынды бөліскен болатын. Бұл жолы жарысты ұйымдастырушылар 29 елге квота жіберіп отыр. Онда Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина елдері бес-бестен, Қырғызстан — 4, Әзірбайжан, Молдова, Финляндия үш-үштен, Армения, Грузия, Латвия, Литва, Өзбекстан, Германия екі-екіден, Түркменстан, Эстония, Израиль, Чехия, Сербия, Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Словения, Болгария, Италия, Голландия, Бельгия, Қытай, Ауғанстан бір-бірден спортшы жібере алады. Оған сондай-ақ, жарысты ұйымдастырушы ретінде Ресейдің 3 спортшысы мен өткен жылғы Әлем чемпионы бұл квотадан тыс қатысатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера