Құрбан айт мерекесіне орай 8 желтоқсан - демалыс күні - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айт мерекесіне орай 8 желтоқсан - демалыс күні

Құрбан айт мерекесіне орай 8 желтоқсан - демалыс күні

Алматы. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Құрбан айт мерекесіне орай 8 желтоқсан - демалыс күні болмақ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 1029
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда Құрбан айт — мемлекеттік мереке. Биыл ол 8 желтоқсанда атап өтіледі. Сөйтіп, қазақстандықтар 6, 7 және 8 желтоқсанда демалады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, президент Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы 30-желтоқсанда «Еңбек туралы» заңға Құрбан айттың бірінші күні мен православиелік Рождествоны демалыс күндері деп жариялау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Құрбан айт мейрамы үш күнге созылатын және әлемдегі мұсылмандардың басты мейрамы . Ол жыл сайын хижра — мұсылман (ай) күнтізбесі бойынша зуль-хиджа айының оныншы жұлдызында басталады. Бұл мұсылмандар қажыға баратын қажылық айы. Құрбан шалу мейрамы көп ғасырлар бұрынғы оқиғалармен байланысты және осы күні адамдар достық, тыныштық және келісім туралы дұға қылады. Қажылық парыз өтелгеннен кейін Қазақстан мұсылмандары 3 күнге созылатын Құрбан айт мерекесін тойлайды. Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні — демалыс күні.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар