Құрбан айтқа қарсы Петропавлда қой бағасы 65 мың теңгеге дейін жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айтқа қарсы Петропавлда қой бағасы 65 мың теңгеге дейін жетті

Құрбан айтқа қарсы Петропавлда қой бағасы 65 мың теңгеге дейін жетті

Құрбан айтта қойдың бағасы 65 мың теңгеге жетті.

  • 22 Тамыз 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Петропавл халқы Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін Жұмысшы кентіне ағылды. Себебі жан-жақтағы ауылдардан келген шаруалар қойларын осында саудалайды, мал союға арналған алаң да осы жерде. Жәрмеңкеде қой бағасы 65 мың теңгеге жетті, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Мұсылмандық парызын өтеп, құрбан шалуға асыққан жамағат үшін Петропавлдың Жұмысшы кентінде барлық жағдай жасалаған деуге болады. Әр қызметтің бекітілген құны бар. Мәселен, қойды сойғаны үшін қасапшыға 2500 теңге төлейсіз, бас үйту – 500 теңге.

«Мешіттің имамдары бекіткен арнайы баға бар. Олар қойдың құнын 25 мың теңгеден асырмау қажеттігін айтты. Оған қарап жатқан ешкім жоқ. Кішкентай ғана тоқтылар 25-30 мыңнан сатылып жатыр. Одан үлкенірегін алғың келсе 45-50 мың. Тіпті 65 мың теңгенің де қойы тұр. Оны сатып алуға әркімнің жағдайы келе бермейді. Қасапшыға, бас үйтуге, ішек-қарын аршуға төлейтін ақың тағы бар», — дейді Петропавл қаласының тұрғыны Айгүл Садуова.

Ал сатушылардың өз уәжі бар. Қой иелерінің айтуынша малдың құны бүгінгі нарық бағасына сай белгіленген.

«Мамлют ауданынан келдім. 12 қой әкелдім. Ұсақтары тез өтіп кетті. Міне 65 мыңның қошқары ғана қалды. Сойса, 60 келіден артық ет шығады. Сондықтан бағасы осындай. Қазір мал өсіру оңай шаруа емес. Арпаның тоннасын 40 мың теңгеден аламыз, бидай одан да қымбат. Еңбегің бар. Қалаға әкелуге кеткен жанармайды қосыңыз», — дейді шопан Рият Әміров.


Жәрмеңкеде сатып алынған қойды қасапшылар сойып, бөлшектеп, тіпті ішек-қарынын тазалап, басы мен сирақтарын үйтіп береді.

«Мен жылда құрбан шаламын. Осы Жұмысшы кентіндегі жәрмеікеге келемін. Бұрын ауылда тұрдық. Мал бағудың қаншалықты қиын екенін белемін. Сондықтан, иелерімен саудаласпаймын. Оларды да түсіну керек. Қойды сатып алып, үйге апарып өзіміз соямыз. Асып, құда-жегжат, туған-туысты шақырамын. Қалған бөлігін шетте жүрген балаларыма таратамын», — дейді Айгерім Мусина.

Жәрмеңкедегі қой бағасы орта есеппен 25-30 мың теңгеден саудаланды. Петропавлда Шопан ата түлігінің әдеттегі бағасы да осындай.