Құрбан айтта елордада автобустар мен сауда орындары қалай жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айтта елордада автобустар мен сауда орындары қалай жұмыс істейді

Құрбан айтта елордада автобустар мен сауда орындары қалай жұмыс істейді

City transportation systems Нұр-Сұлтандағы автобустардың жұмыс режимі туралы хабарлады.

  • 19 Шiлде 2021
  • 51
Фото - Caravan.kz

20 шілдеде елордада қоғамдық көлік жұмыс істейді, деп хабарлады CTS.

"Алдағы мереке күні, 20 шілдеде қалалық және қала маңына жүретін қоғамдық көліктің жұмысы тоқтамайды", — деп жазды ЖШС баспасөз қызметі.

Компания бетперде тағу режимін сақтау қажеттігін ескертті.

Жол ақысын қолма-қол есеп айырысусыз, яғни көлік картасымен, QR-кодты сканерлеу немесе көлік кодын енгізу арқылы ғана төлеуге болады.

Елордадағы сауда-ойын-сауық орталықтары да Құрбан айт күні жұмыс істейді.


Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл ақпаратты растады. Еске сала кетейік, жұмыс күндері сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері бұл нысандар жабық болады.

Соңғы жаңалықтар