Құрбан айтта мал бағасы қымбаттап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құрбан айтта мал бағасы қымбаттап кетті

Құрбан айтта мал бағасы қымбаттап кетті

Осы мерекеге орай мешіттер мен базарлар маңында арнайы қасапханалар қойылып, қызмет көрсетіліп жатыр.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 719
Фото - Caravan.kz

Ал мал сатушылардың жұмысы барлық өңірлерде қыза түскен. Ең көп құрбандыққа шалынатын қойдың бағасы 15 мыңнан басталып, 40-50 мыңға дейін жетеді. Көпшілік көрпесіне қарай көсілсе, елордалықтарға ерекше қызмет түрі көрсетілуде.

Таң атысымен айт намазынан шыққан барша мұсылман құрбандық шалуға асығып, базарларды жағалауда. Сатушылар да жұртқа қой, сиыр мен түйенің ең семіздерін ұсынып жатыр. Ал елордалықтар үшін ерекше қызмет көрсетілді. Бағасымен келіссеңіз таңдаған малды қажет жерге арбаға салып, жеткізіп тастайды.

Ал Семейде мал сатушылар бөлінген арнайы орынды алыссынып, тура мешіт маңын базарға айналдырған. Себебі, бұл жерде адам қарасы көп әрі тұрған орны үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.

– Міне семіз мал, жас мал. Тісін көрсетіп қояйын.! 25 мыңға беремін ғой.

Саудагерлер жағдайды пайдаланып, ойға келген бағаны айтпаймыз деп отыр. Дегенмен, ұсынылған бағамен бірден келісіп жатқандары да аз.

-30, 32, 28 де бар.

-Қымбат д.

-Арзаны бар ғой, аға.

-Міне…

-Кішкентайы болмайды.

-Неге болмайды.

-Аға, екі жасар ғой. Арзан ғой.

Талап бойынша құрбандыққа бір жасқа толған қой мен ешкі, екі жасар сиыр және бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс. Ұсақ малдың сауабы бір отбасыға тисе, сиыр мен түйені 7 жанұя қосылып шалуына рұқсат етілген. Ал мұндайда мал бағасын шарықтатқан адамның ісі дін бойынша арсыз деп есептелінеді.

Әсет Әнуарбеков, Алматы орталық мешіті сауат ашу курсының ұстазы

Саудада осындай үкімдер бар шариғатта – «фахиж» сауда деген. «Фахиж» деген ұятсыз, арсыз сауда. Бір нәрсенің құнын екі еседен арттырып сатса, оны ұятсыз сауда деп атаған. Оны асырған сайын күнәсі де жоғарылай береді.

Құрбандықтың еті теңдей үшке бөлінеді. Бірі өз отбасына қалдырылса, екіншісі көрші-қолаңға, үшіншісі мұқтаж жандарға таратылып берілуі тиіс.

— Құрбандыққа шалынар малды көрінген жерде союға болмайды. Сондықтан мешіт пен базар маңында арнайы қасапханалар жұмыс істеуде. Мәселен, бір Алматының өзінде осындай 21 орын қойылған. Ал ережеге бағынбай, бөгде орында мал сояр болсаңыз, қомақты айыппұлды арқалап кетуіңіз мүмкін.

Мейрам қарсаңында қасапшыларға арнайы тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері де түсіндірілген болатын.

Сондай-ақ, әрбір мұсылман отбасында иіс шығарылып, жеті шелпек пісіріледі. Жайылар дастарханнан татылған әрбір дәм мен құрбандыққа шалынған малдың әрбір тамшы қаны адамды күнәдан арылтады. 

Соңғы жаңалықтар