Ондай шараларды "Нұрбереке 555" ЖШС ("Көк" базары), "Пищекомбинат-Астаналыкплюс" ЖШС, "Шаушен", "Темеш" шаруа қожалықтары, Есжанова ЖК аумағында жүргізуге болады, делінген сейсенбіде "Бәйтерек" медиа-орталығынан таралған ақпаратта.
Мейрам күні мұсылман адам құрбандыққа мал шалуға тиіс. Сойылған малдың бірінші тамшы қаны ағызылған кезде құрбандық шалған адамның күнәлары кешіріледі деп саналады. Еттің үштен бірін отбасы өзі асып жейді, бір бөлігін көршілерге таратады, үшінші бөлігін кедейлерге береді.
Мейрам кезінде мешітке барып, Айт намазына қатысып, жақындарын аралап, аруақтарға бағыштап құран оқып, садақы таратқан жөн.
Мұсылман күнтізбегі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні Қазақстанда демалыс күні болып саналады, 2014 жылы ол 4-қазанға келіп отыр.