— 40-қа бола ма?
— 40-қа болмайды! 43 санашы, 43-ке беремін!
— Жарайды!
— Таза 43-ке беремін.
Үш күнге жалғасатын дәл осы Құрбан айтта мал сатушылардың саудасы қыза түсетін кез. Мәселен, дағдылы күндері жақсы қойдың бағасы 20 мыңнан аспайды, ал бұл күндері 40 мыңнан саудаланып жатыр. Ірі қара үшін кемі 50 мың, түйеге ең төменгі баға 400 мың теңге. Айта кетейік, құрбандыққа қой, сиыр, түйе секілді малдың барлығы жарамды. Тек дене мүшелері түгел, қоңды болуы шарт. Биылғы мұсылмандар мейрамы қасиетті жұма күнімен тұспа-тұс келіп отыр.